Өлеңдер ✍️

  03.07.2026
  12


Автор: Мақсатқызы Еркеназ

Арман

Арманымды асқар шыңға теңеймін,


Бір күні оған міндетті жетемін.


Жел тұрса да, жолымнан мен таймаймын,


Өз бағыма сенімменен енемін.


 


Жаңбыр жауса, үмітімді өшірмес,


Қиындықтар жүрегімді сындыра алмас.


Еңбек еткен адамның бақ жұлдызы,


Бір күн емес, мәңгілікке жарқырар.


 


Жас өмірдің әрбір күні – бір сабақ,


Жақсылыққа бастайды әрбір қадам-ақ.


Берілмеген адам ғана жеңеді,


Арманымен бірге өсер болашақ


@Мақсатқызы Еркеназ




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу