Шығармалар ✍️
140 балл алудың құпиясы неде
140 балл алудың құпиясы неде?
Ұлттық бірыңғай тесттілеуде 140 балл жинау,кездейсоқтық емес,үздіксіз дайындық пен тынымсыз еңбектің нәтижесі.Ең жоғарғы ұпайға қол жеткізген талапкер Түркістан облысы,Ордабасы ауданы Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы және Juz40 білім беру орталығының түлегі Нурбаев Жандос. “Ұланның”оқырмандарына арнап Жандостың ҰБТ оқиғасы туралы сұқбаттастық.
-Барлығының көкейінде жүрген сұрақ,140 балл алудың құпиясы неде?
-ҰБТ-да жоғары балл алудың нақты құпиясы жоқ. Менің ойымша, бұл әрқашан жүйелі дайындық пен тұрақтылықтың нәтижесі.
-ҰБТ секілді маңызды емтихандарға дайындықкезінде уақытты қалай тиімді пайдалануға болады?
-Жалпы, кез келген емтиханға дайындалу кезіндежоспар сіздің ең үлкен көмекшіңіз болады. Барлықнәрсені жоспарлау арқылы дайындықты жүйелітүрде ұйымдастырып, өнімділігіңізді арттырааласыз.
-Дайындық кезде стресске қалай түспеуге болады?Сен ондай кезде қандай әдістерді қолдандың?
-Жалпы, барлық бітіруші түлектерде шаршаунемесе күйзеліс болады. Бұл – қалыпты жағдай. Бірақ одан уақытылы шыға білу керек. Өз басым тұрақты түрде демалып, күн сайын таза ауадасеруендейтін едім. Сондай-ақ әлеуметтікжелілерден уақытша шектеп, назарыңыздышоғырландыруға кедергі келтіретін нәрселердіазайту қажет.
Сонымен қатар,Жандос IELTS емтиханынан 6.0 балл жинаған.ҰБТ кезінде,50 баллды қосып алды.Кейіпкеріміз ҰБТ мен IELTS-ты қатар алып жүруі жайында былай дейді:
-Мен мамандығым бойынша дүниежүзі-ағылшын комбинациясын тапсырдым.ҰБТ-ға жалпыдайындыққа 1.5 жылдай уақыт кетті, ielts-қа 3 айдай интенсивті түрде уақыт өтті, екеуін алу өтеқиын болды, мен оны желтоқсан айындатапсырдым, жалпы дайындыққа кеңестерім көпғылыми мақала оқыңыздар, уақытпен жұмыс жасапүйреніңіздер. Уақытыңыз болса тамыз немесеқыркүйек айы ielts тапсыруға ең ыңғайлы кез депойлаймын.
-2027 жылғы түлектерге қандай кеңестер бересің?
-Барлық түлектерге берер кеңесім: өздеріңізгесеніңіздер, дайындықтарыңызға сеніңіздер жәнежоспармен жұмыс істеңіздер. Артық дүниелерді, әсіресе Тикток пен Инстаграм секілді әлеуметтікжелілерді шектеп, алдағы үлкен өмірге жол ашатынемтихандарыңызды сәтті тапсырыпшығуларыңызға тілектеспін.
Жандосқа білім жолында сәттілік тілейміз!Алар асуларың,бағындырар белестерің көп болсын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇