Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
02.05.2026
18
Шуақты тілек
Жадырасын көңілдер, жарқырасын,
Жақсылықтың бұлағы сарқылмасын.
Құрбан айтта тілеген ақ тілегің,
Ақ қанатты құс болып шарқ ұрсын.
Жақсылықтың бұлағы сарқылмасын.
Құрбан айтта тілеген ақ тілегің,
Ақ қанатты құс болып шарқ ұрсын.
Алла берген нығметке шүкір етіп,
Жете берші мұратқа тілек етіп.
Әрбір атқан таңыңыз арайланып,
Жүрсін бақыт жаныңда гүл боп бітіп.
Жете берші мұратқа тілек етіп.
Әрбір атқан таңыңыз арайланып,
Жүрсін бақыт жаныңда гүл боп бітіп.
Құтты болсын мереке, Құрбан айтың,
Жетсін көкке дұғаң мен айтар антың.
Шаңырағың шаттыққа бөлене берсін,
Аман болсын қазағым — асыл халқым.
Жетсін көкке дұғаң мен айтар антың.
Шаңырағың шаттыққа бөлене берсін,
Аман болсын қазағым — асыл халқым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇