Эсселер ✍️

  15.02.2026
  17


Автор: Ебелекбай Мерей

УАҚЫТЫҢДЫ БЕКЕР ӨТКІЗБЕ, СОЦЖЕЛІЛЕР СЕНІҢ ЖАРТЫ ӨМІРІҢДІ АЛЫП ЖАТЫР.

Көпшілік виртуалды ортада жарты өмірін, мүмкін одан да көп уақытын өткізгенді шын өмірінен гөрі артық көреді. Бұл тіршілікке жеткілікті зиян келтіреді. Адамдар қарым- қатынас шын өмірде қалыптастыра алмайды, бір- бірімен сөйлеспей, социофобия пайда болады. Интернет платформаларға бейімді адам, бетпе - бет сөйлесу қабілетін жоғалтып, коммуникациясы азайып, ода психологиялық қысым туындайды. Нәтижесінде ол болмыстан қашып, соцжелілерден жұбаныш табады. Мұның барлығы интернетке тәуелділік қалыптастырады, ақырыңда жеке тұлға бар уақытын телефонға арнап, өз өміріне назар аудармайды. Неге? Өйткені ішінде үрей болады. Ол үрей сіздерді шатастырып, тек оңай жол іздеуге қол жұмсайды. Сіздер бар уақытыңызды виртуалды өміріңізге кетіріп, нағыз тұрарлық мәселелерге көңіл бөлмей, қиыншылықтан алшақтайсыз. Көбісі достарынан, отбасынан алыстап кетеді, кейде жақындарымен мүлдем араласпай кетеді. Мұның барлығы психологиялық ғана емес, физикалық әсер тигізеді. Үйден басқа еш жерге шықпай денсаулығыныз бұзылады, ал денсаулық көңіл күйге ықпал етеді. Ақырында адамның психикасы құртылып, адам өз-өзінде жабылып қалады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу