Шығармалар ✍️
Жасанды интеллект: адам мүмкіндігін кеңейтуші құрал ма, әлде болашақ қауіп пе?
Жасанды интеллект - қолданысы кең әлемге таралған цифрлық технологиялардың тоғысында қалыптасқан интеллектуалды компьютерлік бағдарламалар. Бұл компьютерлік жүйе адамға тән интеллектуалды функциялар: логикалық, критикалық ойлау, үйрену, деректерді талдау және шешім қабылдау қабілетіне ие. Одан бөлек, ЖИ жаһандану құралына айналып, ақпараттандырудың аясын кеңейтті. Қажетті дерек, ақпарат сұраныс бойынша бірнеше секундта ақ беріледі. Жасанды интеллекттің өмірімізді қоршағаны сонша, google сынды браузерлер, әлеуметтік желілер (tiktok, instagram т.б) де кірістірілген ЖИ-ге ие. Рутиналық немесе монотондық тапсырмаларды автоматтандыру арқылы шығармашылыққа да көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бұл адам миы үшін күнделікті өмірді жеңілдетеді және ғылым аясындағы адамзаттың мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мәселен, Alpha Go AI - стратегиялық ойындарда бірталай әлем чепионын жеңу арқылы адам ойын (болжау, талдау, есептеу) асып түсетінін дәлелдеді.
Бүгінгі күнде бұл жүйенің қолданушылары 900 милионнан астам десе-ді. Оның ішіндегі ең жиі пайдаланушылар 18-24 жас арасындағы азаматтар 65,4%-ды құрайды. Бұл жас - тұрақты әдеттер, ақпаратты өңдеу тәсілдері және ойлау қабілеті қалыптасатын уақыт. Ми дамып жатқан кезеңде шешім қабылдау, жоспарлау және сыни ойлау үшін жауап беретін бөлігі - префронтальды қыртыс дамуын жалғастырады. Егер біз интеллектуалды қасиеттерімізді қолданбай, бар жауапкершілікті ЖИ-ге жүктеп қойсақ, ми деградацияға ұшырайды.
Оқыту барысы, тұрмыс кезеңінде қалыптасатын қиындықтар да жасанды интеллектпен шешілуде. Оқушылардың қолданысындағы Chat GPT, Le Chat, DeepSeek ЖИ желілері олардың күнделікті өмірінде берілетін тапсырмаларды толықтай орындайды. Жаһандық зерттеулер бойынша, мұндай қолданудың нәтижелері 62% оқушының оқу қабілетіне теріс әсерін көрсетеді. Бұған байланысты цифрлық тәуелділік те көрініс алады. Әлемдік көрсеткіштер бойынша, интернетке тәуелділік қоланушылардың 10-20%, нақтырақ айтсақ, 14% көрсетеді. Бұл сандар жай статистика емес, болашаққа төнетін небір қатердің бастауы. Тіршілік үшін маңызды назар тұрақтылығы, мәселе шешу және жылдам реакция сынды қабілеттер төмендеп, адамның когнитивті функцияларын баяу жояды. ЖИ‑нің тапсырмаларды жылдам орындауы адам миын стимулдандыратын қиындықтарды азайтып, ақпаратты өңдеуге тәуелділікті күшейтеді. Нәтижесінде, жеке жауапкершілік пен дербес ойлау орын алмастырылады, ал адамның интеллектуалды даму потенциалы толық ашыла алмайды. ЖИ‑нің бұл әсері тек жеке тұлғаның оқу қабілетіне ғана емес, әлеуметтік қарым-қатынасқа да әсер етеді. Мысалы, жастар виртуалды ортада тез ақпарат алып, тез жауап беруге үйренсе де, шынайы өмірдегі күрделі мәселелерді шешуге қабілеті төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, көп уақытын онлайн өткізу эмоционалдық тұрақтылыққа да кері әсерін тигізеді, бұл стресс пен мазасыздық деңгейінің көбеюіне әкеледі.
Жасанды интеллекттің артықшылықтарын тиімді пайдаланып, қауіп-қатерлердің алдын алу үшін оның қолданылуын саналы түрде шектеу қажет. Жастар мен оқушылар үшін негізгі ұсыныстар: •тапсырмаларды өз бетімен орындау,
•ЖИ‑ны тек құрал ретінде қолдану;
•когнитивтік қабілеттерді дамытуға арналған ойлау жаттығулары мен стратегиялық ойындарды жүйелі түрде өткізу;
•мектеп пен колледжде ЖИ пайдалануды шектеу, мысалы, зерттеу жобалары мен эсселерде ЖИ‑ны тек ақпарат іздеуге қолдану.
Жасанды интеллект адам мүмкіндігін кеңейтетін тиімді құрал болып табылады, бірақ оны шектен тыс пайдалану кері әсерін көрсетіу мүмкін. ЖИ‑нің артықшылықтарын дұрыс пайдалану арқылы уақыт үнемдеп, ақпаратты жылдам өңдеу, шығармашылықты дамыту және ғылыми зерттеулерді жеңілдету мүмкіндігі бар. Алайда, жеке жауапкершілік пен дербес ойлау қабілетін сақтау үшін технология тек көмекші құрал ретінде қарастырылуы керек. Саналы және мақсатты қолдану арқылы жасанды интеллект адамның интеллектуалды дамуына қолдау көрсетіп, болашақ қауіптерден қорғай алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇