Өлеңдер ✍️

  11.01.2026
  811


Автор: Гүлмекен Қасенбай

Анамның көзі бар менде

Күннен де жарық, мейірлі анамның көзі,
Жаныма майдай жағады еркелеткені.
Анамдай мені уайымдап, жаны күйетін,
Таба алмаспын-ау адамды адал жүректі.

Анамның көзі бар менде,
Сол көзбен қарап әлемге.
Анамдай сүйем ғаламды,
Мейірім төгіп бар елге.
Бөлісем махаббатыммен,
Анамның сүтімен сіңген!


Жанарымыз да аумайды күлімдеп қалған,
Өнегем бар бойымда өзіңнен алған.
Әлдиіңменен қазақтың әнін үйреттің,
Сол әнімменен дәстүрді келемін жалғап.


Анамның көзі бар менде,
Ақылын жидым жүрекке.
Дәстүр-салт, өнеге-үлгі,
Көрсетем артқыға мен де.
Анамның ізімен жүріп,
Жалғаймын жолын мәңгіге!

Орамалын да анамның мұраға алғам,
Тектіліктің бір белгісі - ұят, ар, иман!
Ана көзімен қабылдап салт пен дәстүрді,
Қызыма мен де табыстап өтем жалғаннан!

Гүлмекен Қасенбай
27.08.2025
13:34




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Айжұлдыз
Айжұлдыз 02.03.2026 21:37
Күшті ғо өлендері
Еңлік
Еңлік 15.02.2026 19:10
сөздері өте оңай бірақ керемет тез жаталады ????

Пікір жазу