Өлеңдер ✍️

  20.11.2025
  66


Автор: Омархан Алтынбекұлы

АҢЫЗ ҚАЛА — САУРАНЫМ

 


Он екінші ғасырда, болған дара,
Дұшпандары көз тіккен арман қала.
Түркістанның солтүстік батысында,
Мың жылдық, тарихы бар Сауран ғана.


Мұсылмандық міндеттің, бастамасы,
Кең жазира даламның бас қаласы.
Он үшінші ғасырда, Ақ Орданың,
Болған екен Саураным астанасы.


Тарихқа көз жүгіртсек, өткен не бір,
Сауданың орталығы болған өңір.
Он төртінші, ғасырдың аяғында,
Өзіне қамал еткен,Әмір Темір.


Өркен ниет шыққандай, бір белеске,
Обаларға көз салсам, түседі еске.
Сауран аты берілді ауданыма,
Рухани жаңғыру сол емес пе!?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу