Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
14.11.2025
226
Жігіттер
Жолдарыңды жақсылыққа бастайтын.
Үзілмесін ешқашанда үміттер.
Қолдан келсе қамқоршы бол еліңе,
Кімдер сені жаман жолға үгіттер.
Абыройың асқақ болып әрқашан,
Үлгі көрсет сыйлайтындай жігітті ел,
Ұсақталып ірілердің біразы,
Қайда кетіп барасыңдар жігіттер!
Тасып тұрған күш-қайратың барында,
Қолдаушы боп өзгелерге үміт бер.
Қорғау үшін елің менен жеріңді,
Қиындықтан тайсалмаңдар жігіттер.
Жігіттердің көрген екен қаншасы,
Отан үшін маңдайынан төгіп тер.
Ұсақталып ірілердің біразы,
Қайда кетіп барасыңдар жігіттер!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇