Өлеңдер ✍️
Қайда жүрсің, мен іздеген періштем.
Күнде мұңлы, түнде жетім өзіңсіз,
Тыныштыққа сезім келіп жақты уын.
Мен қалайша өмір сүрем сезімсіз,
Қайда жүрсің, мен іздеген аққуым?
Мендік сезім арналмаған өзгеге,
Бір басыма келіп қонар бақпысың.
Кездесетін күн туа ма бізге де,
Қайда жүрсің, мен іздеген ақ құсым?
Жүректегі сырды түнге ақтардым,
Түнмен жалғыз сырласамын жасырын.
Өзің жоқта еш тыныштық таппадым,
Қайда жүрсің, мен іздеген асылым?
Сезім оты жанарымда лаулады,
От боп жанды жүрек дейтін жақұтым.
Мендік сезім сағыныштан жаурады,
Қайда жүрсің, мен іздеген бақытым?
Бір өзіңе жарасқандай сұлулық,
Ақылың да, сымбатың да келіскен.
Өзің жоқта таппай жүрмін жылулық,
Қайда жүрсің, мен іздеген періштем?
Көңіліңді қуанышқа бөлейін,
Сыйлайыншы мен өзіңе тәтті күн.
Өзіңменен бірге өмір сүрейін,
Қайда жүрсің, мен іздеген шаттығым?
©К.Ұзақ
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇