Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2025
222
Жастыққа оралу
Асыл арман жалаулаған
Өтіп кетті-ау келмеске.
Бозбала күн алаулаған
Жылуынан бермес пе?
Жаратқаным, дәрменіңмен
Қолдайсың ба тағы да?!
Оралайын дәуренімнің
Балдай тәтті шағына.
Көкірегімде ашылмаған,
Айтылмаған сыр қалды.
Бұл өмірдің жасындаған
Жазирасы сұрланды.
Шақырады сылдырлаған
Сағым жылдар бұлағы.
Жастық үні сыңғырлаған
Сағындырып тұрады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇