Өлеңдер ✍️
Ұмыттым сені
Ия,
Кетті сенен ойым басқа жаққа ауысып
Бірте-бірте өшті сыбырлаған дауысың
Дым естілмейд....
Тым алыссың...
Болып қала бердің ескі танысым
Ұтылдық, уақыттарды зая кетіріп
Өкінішті, уақыт берілмейді екі рет
Бәлкім, бүгін ертең жердегі соңғы сәттер
Бәлкім, бүгін ертең жабылады амал дәптер
Уақыт зулайды, жылдам жылдарды көшірдік
Уақытым зулайды, көз алдымнан сені өшірді
Дым жоқ, саған берерім жоқ
Сағынатын жүрегім жоқ
Сеніңде берерің жоқ бар болса да керегі жоқ
Дым жоқ... Дымың жоқ
Дым ойламайм бәлкім ұмыттым сені
Өтпейд баяғыдай білген әсерің
Кешір өкпелеттім... Кешір өткен үшін
Өткен оралмайд өткенім біткені шын
Көздерім басқада саған қарамайд
Жүрек басқанікі сені қаламайд
Рас, жылдар жасырды сенің бейнеңді
Жұмбақ едің мәңгі солай қалдың сен енді
Есіңе түсіріп неге сен деліндің
Ғашық әдебін аштың пердемді
Жалпы ұнаса осы қалпыңмен қала берш
Арнаған жүрегіңді қайтып ала бер
Ала бер маған керек емес
Маған келем демеш маған сенем демеш
Аха, маған сұйем демеш, жо-жоқ үндемеш
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇