Шығармалар ✍️
Шығармалар ✍️
26.06.2025
123
Әділ болу – әр баланың міндеті
Біздің үйде «адал бол, өтірік айтпа» деп үнемі айтады. Мектепте де апайымыз бізге әділдік пен тәртіпті үйретеді. Ал үлкендер арасында бұл іспен судьялар мен сот қызметкерлері айналысады.
Судья – халыққа әділет таратып, дұрыс шешім шығаратын адам. Олар заңды жақсы біледі, ешқашан жалғанға сенбейді. Осындай жандардың арқасында елімізде тыныштық пен тәртіп орнаған.
Мен де өскенде адал азамат болғым келеді. Қазірден бастап әділ болуға, достарыма көмектесуге тырысамын. Кітапты да, тәттіні де тең бөліп, ешкімге ренжімей, тату өмір сүруге үйреніп келем.
Судья және сот қызметкерлерінің күнімен барлық әділ жандарды құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, мықты рух пен шындық жолында табыс тілеймін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇