Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
167
Телефон ұстағым келмейді
Мәңгілік түк те жоқ жалғанда,
Бұл өмір бәрінен қалған да.
Дәл мендей бақытты кім еді?
Анашым қоңырау шалғанда.
Зымырап өтті де уақытым,
Қайғымен алмасты жақұтым.
Ардақты анам көз жұмған соң,
Сағымға айналды бақытым.
Ол жақта байланыс болмайды,
(Жанымды қасірет торлайды.)
Анамның дауысын естімей,
Ешкімге көңілім толмайды.
Сау бол деп ешкім мән бермейді,
Жұрт қолын биікке сермейді.
Хабарсыз кеткен соң жан анам,
Телефон ұстағым келмейді.
Құлазып жүр қазір көңілім,
Мәнінен айрылды өмірім.
Симкартам жойылып кеткенмен,
Мазалап қоймады нөмірім.
Дәл қазір жағдайым тым нашар,
Іштегі сырымды кім ашар?
Тарифтың болғаны не керек?
Анам жоқ аңқылдап нұр шашар...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇