Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.05.2025
222
Мені бар жердің бәрі де әдемі
Дауасыз дерт жоқ, өзің ғой емі
Сендегі мені құлатпа!
Мені бар жердің бәрі де әдемі,
Тек өзің жоқсың бірақ та…
Жанымды менің жадыратады,
Сөзсіз бар әлем, кең дала.
Барлығы ғажап, бал құба таңы
Жетпейтіні ол- сен ғана!
Жүре бер дәйім, жырақта мейлі!
Ең әуелгісі дін-аман.
Көздерің мені сүйемін дейді,
Өзгесін хақтан сұраман.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇