Туындылар ✍️
Міржақып Дулатов және Алаш көсемсөзі
Міржақып Дулатов -қазақ халқының азаттығы мен теңдігі жолында күрескен ұлт қайраткері,Алаш қозғалысының көрнекті өкілі,сонымен қатар қазақтың ұлттық санасын қалыптастыруға атсалысқан ұлы тұлға .
Неліктен Міржақып Дулатов Алаш көсемсөзі деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. Менің ойымша бұл сұрақтың жауабы айдан анық.Біріншіден Міржақып атамыздың мақалалары,очерктері,үндеулері мен ашық хаттары XX ғасырдың басында қазақ қоғамының саяси,әлеуметтік,мәдени мәселелерін қамтыды. Ол Ахмет Байтұрсынұлы басқарған «Қазақ» газетінің белсенді авторы болды.Сонымен қатар «Айқап» журналының жарық көруіне атсалысып,өзінің пікілерін,ойларын ,отарлық саясаттың зардаптарын ашық көрсетті. Қазақ халқын білімге,ғылымға шақырып,“бүкіл қазақ халқының балаларын қалайда болса оқытуым керек” деген мақсатына жету үшін қолынан келгенше емес ,артығы мен жасауға тырысты.Екіншіден Міржақып атамыздың «Оян қазақ!» жинағы -сол кезеңдегі ең ықпалды туындылардың бірі болды және Алаш көсемсөзінің айқын Міржақып атамыз екенінің дәлелі болды десек те артық емес. «Оян қазақ» еңбегі Міржақып Дулатовтың шығармаларының ең шыны болды. Себебі Міржақып атамыздың бұл туындысын «қазақтың ұлттық манифесті» немесе «ұлттық ұраны » деп те атайтын,бұл кітап сол кездегі қазақ қоғамының оянуына түрткі болған ең маңызды еңбектерінің бірі.
Міржақып атамыздың осы асыл еңбегі, зерттеушілердің ойынша “Қазақтың саяси және рухани тәуелсіздік декларациясы” деп те сипаттайды. Міржақып Дулатовтың көсемсөздік шығармашылығы «Оян қазақ!» қазақ халқының. жер саясатын,әйел теңсіздігі,бүкіл қазақ халқының білім алуы үшін жасаған бар жақсылықтарын анық ,әрі баянды жазған.
Міржақып Дулатұлы Алаштың көсемсөзі екеніне тағы бір үлкен дәлел, бұл Алаш зияларының Міржақып Дулатов туралы айтылған сөздері деп ойлаймын.Мысалға алатын болсақ Ахмет Байтұрсынұлы Міржақып Дулатовтың ең жақын досы,әріптесі және ең бастысы ағасы болғандай жан ,Міржақып атамыз туралы былай қалдырып кеткен “Міржақып – халықтың сөзін сөйлеген, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған нағыз ұлт зиялысы. Ол қаламын қару етіп, елі үшін күресті.” Осы бір сөзден ақ Міржақып атамыз сол кездің Алаштың көсемсөзі екені және Ахмет атамыздың өзі осы сөзінде Міржақып Дулатовты Алаштың көсемсөзі екенін баяндап тұрғаны білініп тұр деп ойлаймын. Ахмет Байтұрсынұлы Міржақыптың «Қазақ» газетіндегі еңбегін ерекше атап өтіп,ол оны Алаш идеясын халыққа жеткізген көсемсөз шебері деп бағалаған.Тек қана Ахмет Байтұрсынұлы емес,Әлихан Бөкейхан,Мағжан Жұмабаев аталарымызда өз ойларын ашық білдірген.
Міржақып Дулатов -Алаш көсемсөзі,көрнекті өкілі,ұлттық рухтың жаршысы.Бүгінгі күнде де Міржақып атамыздың еңбегі бағалануда,Міржақып атамыз қазір қазақ халқында болмасада, көзі көріп кеткен еңбегі «Оян қазақ!» әлі де жанымызда және шырқалуда.Біз үшін,бізден кейінгі ұрпақ үшінде оның еңбектері ұлт болашағының шамшырағы болып қала береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇