Эсселер ✍️

  13.05.2025
  192


Жасанды интеллект және журналистика

 


 


    Казіргі таңда технология жарық жылдамдығындай жедел дамып жатыр. Коғамда жетекші орын алып, əрбір салада біртіндеп колданысқа енуде. Солардың бірі, адамзат ойлап тапкан ең белесті жаңалық - жасанды интеллект. Бүгінде жасанды интеллект экономика, медицина, білім, сондай-ақ ақпарат салаларында да орнығуда. Журналистика саласында да жасанды
интеллект елеусіз калмады.
    Журналистика - уақыт тынысын дəл басатын, заманмен ілесіп дамитын сала.
Бұл саланың басты мақсаты коғамға ақпаратты толыққанды, шынайы əрі нақты жеткізу. Ақпарат тез таралатын заманда жасанды интеллект жаңа дəіур журналисттерінің нағыз серіктесіне айналды. Бүгінгі таңда интеллектуалды технология, ауа - райы болжауы, əртүрлі сала нəтижелерінің статистикасын анықтағанда, диаграмма, арнайы жоба корғауда күнделікті қолданысқа айналды. Бұл мүмкіндіктер жұмысты жеңілдете отырып, уақыт үнемдеу
жағынан ұтымды болып табылады. Жасанды интеллекттің журналистика саласындағы орыны қандай? Журналисттің серігі ме, əлде сыны ма?
    Біріншіден, жасанды интеллект - ақпарат өңдеуші. Ол - ақпаратты өте тез қабылдап, оны өңдеуден журналисттерден калыспайды. Сонымен қатар, тақырыпты жазу арқылы ғана бірнеше минут ішінде дайын мəтін алуға да болады. Маселен, белгілі бір іс - шара туралы кішгірім ақпарат беріп, дайын мақала алу өте тиімді. Менің ойымша, бұл журналисттердін уакытын үнемдеп қана коймай, тақырып бойынша терең сараптама жургізуде таптырмас құрал.
    Екіншіден, жасанды интеллект - шынайылық айнасы. Журналист - шындық үні. Сондықтан акпараттың толыққанды шынайы болуы манызды. Себебі,
акпараттың үлкен толқынында, халық жалған ақпаратты өте тез кабылдайды. Сəйкесінше, бұл адам санасындағы ақпараттық иммунитеттің төмендеуіне алып келеді. Ал жасанды интеллект жалған ақпарат таралған сайттарды жедел түрде жоюға, шынайы əрі нақты ақпараты анықтауда көмек береді.
   Жоғарыда айтылғандай, жасанды интеллекттің журналистика саласында атқаратын үлесі елеулі. Дегенмен тигізер қауіптерін ескерген абзал. Бұл ең алдымен маманның өз маңыздылығын төмендетуі əбден мүмкін. Оның бірден бір себеперінің бірі, жасанды инетеллкт журналист жұмысының мол бөлігін атқара алады. Бұл тіпі болашақта адам орнын жасанды интеллект басатын жағдай туғызуы мумкін. Журналист орнын жасанды интеллект
қаншалықты баса алады?
   Əрине, жасанды интеллект уақыт үнемдеу мен ақпарат өңдеудің таптырмас құралы болып көріну ықтимал. Алайда өткізіп алмау керек басты мəселе жауапкершілік. Жасанды интеллект берер ақпаратының жүз пайыз нақты болуына кепіл жоқ, тіпті мақала авторы көрінбегендіктен журналисттердін жауапкершілігін азайтады. Нəтижесінде басекелестік те болмайды, əрі мамандық маңыздылығын жоғалтады. Себебі, ендігі журналисттер күштірек
болуға тырысудың орнына жасанды интеллект арқылы дайын ақпарат жүктейді. Бұл болашақта ақпарат таратудағы үлкен қауіп деп санаймын.
Екінші мəселе - бейтараптық. Жасанды интеллект жариялаған мақалалар бейтарап көзқараста болғандықтан, материал сапасына кері əсер етеді.
Себебі, жасанды интеллектің адамнан басты айырмашылығы - жеке ойы мен көзқарсының болмауында. Ақырында ол тек объективті ойдағы ақпарат қалдырады. Ол мəлімдеменің мəні кетіп калады.


   Түйіндей келе, технология - заманның басты жаңалығы, адамзат табысының үлкен жетістіктрінің бірі. Журналистика мен жасанды интеллект арасындағы байланыс жаңа дəуір талабы мен ерекше еңгізулер.
Интеллектулды жуйе аркылы ақпарат өңдеп, дайын материал шығару
арқылы журналисттердің жұмысын жеңілдетеді. Дегенмен бұл журналистика саласының маңыздылығының төмендеп, мардымсыз ақпараттардың
таралуына кері ықпал етеді. Сондай - ақ журналисттің басты қызметі шындық көпірін қалыптастыра отырып, ақпаратен камтамасыз ету болғандықтан,
жасанды интеллект ондай кызметтте бейтарап көзқарас ұстанады. Жасанды интеллект жаңа заманға сай толқында коғам ойын қалыптастыра алмайды.
Əрі ол тек адам жұмысын жеңілдеткенімен сыни ойлау, жеке көзқарас калыптасуы мен шығармшылық үдерісінде кедергі келтіретін басты фактор.
Сондықтан да жаңа технология адам кызметін ешқашан баса алмайды деп есептеймін. Журналист - халықтың қамын, мұңдының мұңын мұңдайтын шынайы шындық туы. Сол үшін де журналист, əрқашан коғаммен тығыз байланыста бола отырып, өз субъективті ойын еркін жеткізе білуі қажет, оның маңызы да осында. Сондықтан да жасанды интеллект - тек жəй құрал, журналист - оны пайдалану арқылы, сенімді акпарат жеткізуші.
Жасанды интеллект жаза алғанымен, Филипп Грэм айтқандай, "Журналист -
бұл тарихты бірінші болып жазатын адам"




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу