13.05.2025
  184


Әлеуметтік желі мотивация ма, әлде манипуляция ма?

                             

            XX ғасырда тек байланыста болу үшін қолданып үйренген телефон құралдары, біз өмір сүріп жатқан технологияның озық заманында, тек байланыс құралы емес, сонымен қатар әлеуметтік желі пайда болып, өміріміздің бір бөлігіне айналды. Статистикаға сүйенсек, біздің елемізде желі қолданушылар саны 90% - ды құрайды. Әрқайсысымыз қолданатын Instagram, TikTok, YouTube желілері тек байланыс құралы емес, ұлт санасын қалыптастыратын құралға айналды. Желінің адамға тигізер пайдасы екі жақты, бірі - мотивация болса, екіншісі - манипуляция. Осы тұста сұрақ пайда болады: Біз желіні басқарамыз ба, әлде ол бізді басқарады ма?

               Қазіргі таңда, әлеуметтік желі арқылы көптеген жастар өздерін шығармашылық жағынан дамытып жүр, ал енді бірі өз бизнесін, блогын немесе талантын көрсету арқылы өз өмірлік жолдарын табуда. Осындай сапалы контент арқылы блог жүргізетін көптеген жастардан, басқалары үлгі, мотивация, сенім алады.

               Алайда желінің қауіпті жақтары да жетерлік. Әлеуметтік желіде отырып, телефонға ұзақ уақыт үңілу - тәуелділікке алып келеді. Желіде көретін лакшери өмір, өзіңді басқалармен салыстыру психологиялық күйзеліске алып келеді. Сонымен қоса жасөспірімдер арасында лайктар мен қаралымға да тәуелді болып, өзін лайк санына қарап бағалайтындар да көп.

                Сондықтан да желіні саналы түрде қолдану өте маңызды. Әлеуметтік желіні құрал ретінде қолдансақ көп жетістіктерге де сөзсіз жете аламыз. Алайда шекараны білмей, шын өмірден алыстап кету адам өміріне өте қауіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу