Өлеңдер ✍️

  23.04.2025
  130


Автор:  Нұрбек Бекұлы

Қайрау

 



Үп еткен желге дірілдей берме,
Дірілдей берсең нең қалар?
Көрінге жанға күлімдей берме,
Жүректен өшпес жерді алар.



Өткенге ұзақ телміре берме,
Уақытты зая кетіріп.
Жаным дегенге көндіге берме,
Көбінің сөзі өтірік.



Сезімді сәттік мәңгілік деме,
Мәңгілік болмас ештеңе.
Жолың болмаса заңдылық неге?
Ешқашан бәрі кеш деме.



Тағдырға қатал өкпелей берме.
Жақсарама одан жағдайың?
Сүймеген жанға кетпе дей көрме,
Жақсылық алда әрдайым.



Болмайтын затты көңілге алма,
Шаршатпа ойды бекерге.
Жолдарда сынақ жеңілме талма,
Келеді бәрі кетер де...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу