Сұрақ: Егер адам оразаның бір күнін үзірсіз жіберіп алса, ол оны өмір бойы ораза ұстаса да толтыра алмайды деп айтылған хадистің толық мәтінін келтіріп бере аласыз ба?
- Әбу Хурайра (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізеді:
«Кімде-кім қандай да бір үзірсіз және сыртқаттану себебінен емес Рамазанның бір күн оразасын жіберіп алса, оны барлық қалған өмірінде ораза ұстаса да орнын толтыра алмайды» («Сунан» Насаи, № 3265, № 3271 хадис; «Сунан» Әбу Дәуд, № 2388 хадис және басқалары).
Бұл хадис әлсіз, бірақ күнәдан сақтануға келеді. Оны Әли және Ибн Масғудтан (Алла олардың екеуіне де разы болсын) жеткізілетін хабар қолдайды («Мусаннаф» Ибн Аби Шейб, № 9877, № 9878 хадис).
Имам Бухари да оның әлсіздігін көрсете отырып, «Сахихта» тарауының атауында бұл хадисті келтіреді. Демек, бұл хадис әлсіз болса да жүгінуге болады, кері жағдайда имам Бухари оның әлсіздігін көрсетпеуші еді, оны мүлдем жоққа шығарушы еді («Мукаддим» Ибн Салях, 25-б.).
Ескерту:
Бұл хадисті Рамазанда өткізіп алған адам оразаның орнын толтырмауға деген ниетін растау үшін пайдалануға болмайды. Хадисте Рамазанда адамға берілетін сауап, берекет және әртүрлі рухани игіліктерді жамағатпен намаз оқу жағдайындағы секілді басқа уақытта алуға болмайды: егер адам жалғыз өзі жиырма бес намаз оқыса да, оның игілігін ала алмайды.
Қараңыз: Имам Тахауидің «Мушкиль аль-асары» (4-т., 180-б.), «Тахзибат-тахзиб» (9-т., 204-б.).
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇