Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  149


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЖАНАР АҚЫНҒА

 


 


Жанар ақын сөзі өткір шың құлатқан,


Көпшілік қашып жүрер шын сынақтан.


Жүрегінің кеңдігі ме, ерлігі ме?


Өз- өзіне жасқанбастан сын сұратқан.


 


Қара өлеңге салмайды ма жырау күшін,


Жүректерді нəрлі өлеңмен сылау үшін.


Көп нəрсені үйренуге тура келер,


Кемдік тауып өлеңіңді сынау үшін.


 


Өлеңдерің тебірентер жүрегіңді,


Кіріскендей сыбанып- ап білегіңді.


Ел сынауға əуестігім болмағанды,


Сын орнына мен айтайын тілегімді.


 


Сөз маржанын тұңғиықтан іздеп теріп,


Өлең тусын, мəнді шумақ тізбектеліп.


Сені оқып жастарымыз ақын болсын,


Ұстазымыз өнеге алар сіз деп еріп.


 


Еркін Оралбайұлы 29.06.2018


 


 


 


 


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу