Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  301


Автор: Еркін Оралбайұлы

МҰҚАҒАЛИ АҚЫНҒА

 


 


Қазағымның ұлы едің дара туған,


Өлең сөздің нұр пірінен жаратылған.


Өшпестей боп сақталған мəңгілікке,


Санамызда өлең болып дара тұлғаң.


 


Суырылған қылыштай бір жаңа қыннан,


Орын алған мықтылардың санатынан.


Сен қазақтың қияда ұшқан ақиығы,


Сусылдатып жырын төккен қанатынан.


 


Қатарыңнан оқшауланып дара оздың,


Өлеңіңмен жүректерде жара жаздың.


Қиясында поэзия шарықтадың,


Топырағынан нəр алып Қарасаздың. 


 


Лирикалы жырларыңмен мақамдаттың,


Сөзің жұмсақ ұлпасындай мақта алқаптың.


Ғашық жандар жаттап жүрер өлеңдерің,


Пəк сезімін баяндаған махаббаттың.


 


Еркін өскен, дала еркесі құлан едің,


Тағдыр шалып, мың сүрініп құлап едің.


Бұл қазаққа жырларың мұра болған,


Мəңгі ұмытпас дүл-дүл жүйрік құлагерін.


 


Еркін Оралбайұлы  9/02/2018


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу