Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  74


Автор: Еркін Оралбайұлы

ВАЛЕНТИН КҮНІ

 


 


Болғаны ма жастардың еліктегіш?


Ой келеді неліктен желікті тыс?


Бөтен елдің дәстүрін тез қабылдап,


Биледі ме сырттан бір ерікті күш?


 


Әсері ме желінің күшін кескен,


Әлсіздік пе, рухани?


Пісіп өскен.


Əр нəрсеге қуанып алданамыз,


Қабылдаймыз мән- жайын түсінбестен.


 


Көбейгені белгілі шат күндердің,өл


Белгілеген беймәлім, тап кімдердің.


Наурыз тойын менсінбей атап өтіп.


Мерекесін тойлаймыз жат діндердің.


 


Тастағандай сананы қайып, тоқып,


Шағаладай шиқылдап қайық шоқып.


Дəстүріне өзге ұлт жармасамыз,щд


Зерттеп, біліп алмастан тарихты оқып.


 


Білмегенге күнəлі іс, ұдайы көп,


Ақыретте қорықпай сұрайды деп.


Жөнін білмей адасып жүргендер бар,


Валентинді махаббат құдайы деп.


 


Барлығынан өз дінім таза маған,


Жүрегіммен санамды тазалаған.


Жезөкшені қорғаған Валентинді,


Заманында дарға асып жазалаған.


 


Еркін Оралбайұлы  14.02.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу