Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  342


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӘЙЕЛ ДЕГЕН

 


 


Əйел деген сүйген жар, Əйел ана!


Түсінетін сырыңды Əйел ғана.


Төрт түлегің сай болар азаматтар,


Ошағыңа от жағар Əйел бар да.


                          


Басқа жаннан үйдегі Əйел ару,


Оңай емес адал жар, Əйел табу.


Кешірімді болыңдар азаматтар,


Оңай емес еркектің бабын табу.


 


Əйел саған əкелер ұрпағыңды,


Ойлап жүрер əрқашан ол қамыңды.


Əйел үйдің ұйытқы, берекесі,


Жеткізетін ұқсатып тапқаныңды.


 


Əйел сенің үйіңнің берекесі,


Ол жарының сыйласа шын еркесі.


Қош келдің деп күлімдеп қарсы алса,


Ондай үйдің таусылмас мерекесі.


Аман болсын деп тіле отбасымыз,


Жамандықтың түспесін көлеңкесі.


                


Еркін Оралбайұлы


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу