Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  71


Автор: Еркін Оралбайұлы

МЕНІ ӨЗГЕРТТІҢ

 


 


Мені өзгерттің, өміріме кірдің де,


Іште сезім оянғанын білдің бе?


Сезімімді білдіргенде сол кеште,


Сізді ұнатам дедің əсем күлдің де.


Алаң болғам, ұнатқан соң өзіңді,


Қабағыңа əрбір түскен кірбіңге.


 


Жарасымды əсемдік бар күлкіңде,


Өзгерді өмір сені көріп бір күнде.


Сұлу жүзің көз алдыма елестеп,


Ойлайтыным тек өзіңсің əр түнде.


Жаратылған жан екенсің ерекше,


Көңіл ауа бермеуші еді əркімге.


 


Шаттық сыйлап өміріме ендің де,


Сені ұнатқан жүрегіме сендің бе?


Саған деген сезімімді өлеңмен,


Жеткіздім бе жүрегіңе сендіре?


Өмір өзен айдынында ақудай,


Жүзсең деп ем меніменен сен бірге.


 


Адал болып тұрған жақсы сертіңде,


Құса болып, ішті жемей шер күнде.


Екі жүрек бірге соғып, шаттанып,


Жүрген жақсы қуанышпен шын күле.


Нəзік сезім адал болсын, пəк болсын,


Былғанып айналмасын шым, күлге.


 


Еркін Оралбайұлы 19/01/2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу