Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  135


Автор: Сәрсенби Аян

Түнгі Көкшетау

Көкшетау түнгі сезімнің тұнық дастаны,


Ғашықтар сүйген жатыр ғой тамып жастары.


Елеңдеп жүрмін бағында түнгі әсемпаз


Серуендеп жүр ғой Көкшенің ғашық жастары.


 


Бағында тұрмын жүрекке ауыр жүк артып,


Бейшара жаным көрінген қызға құмартып.


Жанымды баурап, тәнімді арбап Көкшетау


Ғашықтар иісі бағында әсем тұр аңқып.


 


Көкшенің иісі жанымды арбап тұрғанда,


Күлемдеп ғашық арулар қал деп тұрғанда.


Қалай кетемін Көкшетау сынды шаһардан


Қалай кетемін сезіммен алдап тұрғанда.


 


Сезімнің елі махабат жері бұл қала,


Серілер тұған жүректен еді бұл дала.


Алып қалмақшы мендегі сезім шырағын


Тартып алмақшы жанымды сәби бұл қала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу