Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  263


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӨЗІҢДІ ОЙЛАП

 


 


Ұнаттым еркем өзіңді ғана,


Елестеп əркез көзімді жаба.


Қиын- ақ екен сабырлы болу,


Билеп алғанда төзімді сана.


 


Қалғандай сенсіз түнекте қара,


Жазылмастай бір жүректе жара.


Сағынып сенің сұлу бейнеңді,


Ақтарып күнде суреттен таба.


 


Қуанып көрсем, бейне бір бала,


Іздесем іште иленіп нала.


Сөз таппай қалам, көргенде сені,


Жүргендей тілді үйреніп жаңа.


 


Тек сені көрем, түсімде түнде,


Хабарын беріп, жүрсеңде күнде.


Жүрекке əмір жүргізе алмай,


Дей алмадым-ау күрсінбе мүлде.


 


Өтуде күндер, өзіңді ойлап,


Қиялым ұшып, сезімді бойлап.


Өзіңнен басқа ешкімді көрмей,


Алғандай сезім көзімді байлап.


 


Жаныма батып, төзімді үзіп,


Өлеңмен арнап, сөзімді тізіп.


Деп едім жүрсек өмірлік бойы,


Аққудай ғашық өзенде жүзіп.


 


Еркін Оралбайұлы 23/01/2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу