Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  86


Автор: Еркін Оралбайұлы

ӨЗІҢДІ ОЙЛАП

 


 


Саған арнап жыр бүгін,


Көңілдің жуып кір күлін.


Алғаш сені құшқанда,


Тулап жүрек-дүлділім.


Ұстағандай болғанмын,


Иран бақтың бір гүлін.


 


Сені ойлатып түн-күнім,


Сезімнің ашып түндігін.


Өзің деп соғар жүрегім,


Тазалап күмəн кірлігін.


Сұлу жүзің елес боп,


Түсіме де мың кірдің.


 


Өзіңнен көріп шын құрбым,


Махаббаттың шың, қырын.


Сағынып əркез жүремін,


Күлкіңнің əсем сыңғырын.


Тапсырсам дегем өзіңе,


Жүрегімнің шылбырын.


 


Тəнті еткен қылығың,


Сағындырып қылды мұң.


Кигізгендей жүрекке,


Сезімнің ұзын құрығын.


Өзіңмен шықсам дегенмін,


Басына сезім қырының.


 


Еркін Оралбайұлы 22.03.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу