Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
104
САҒЫНЫШ
Көктемнің бір мамыражай кешінде,
Алғаш көрген күнім сені есімде.
Көңіліме жылу беріп әр сөзің,
Оянғанды бір сезім кеп кешіге.
Бір көргеннен сезім баурап есіле,
Қарай бергем көзім тоймай тесіле.
Бірге өмір сүрмеген соң өзіңмен,
Кейде өкінем кездестік деп несіне.
Ілескенбіз махаббаттың көшіне,
Күннен күнге сезім тулап өршіге.
Бір болуға тағдыр бізге жазбапты,
Бұл сезімді алар ма екем өшіре.
Күйік болған сағынышым ішімде,
Түгесіліп таусылғандай күшімде.
Амал қанша, көрмегелі көп болды,
Тек қана кеп, қуантасың түсімде.
Еркін Оралбайұлы 26.07.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter