Нақыл сөздер ✍️
Нақыл сөздер ✍️
24.02.2025
738
Қыран құстай ұшамын,
Қанат байлап тірекпен.
Құшағыма қысамын,
Әр адамды жүрекпен.
***
Білекті жандар күшті емес, ақылмен іс қылғандар күшті
***
Кеуде керіп, өзеуреп,
Күштімін деп мақтан ба.
Ақылмен айды шығарар,
Әлсіздерің аспанға!
***
Болса баста ақылың,
Кіре түсер батылың!
***
Гүлді бағың уақыт өтіп күз болар,
Жарқырай түс, сәтің барда жанданар.
Құмсағаттай алма кезек өмір-ай,
Зымыраған бұл уақытқа таңданар...
***
Ажырасу, талақ айту көп мүлде,
Ең өзекті мәселе бұл бүгінде...
***
Ажырасу, талақ ету зор қайғы,
Бастарында қайғы-мұң көп орнайды.
Балалары шырылдайды жәутеңдеп,
Қанаттары қайырылған жандайды...
***
Несиеге шырмалған өмірлер-ай,
Сырты бүтін, іші түтін көңілдер-ай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter