Өлеңдер ✍️
ҚАЗАҒЫМНЫҢ
Жағдайымыз мына қазір елдегі,
Қу қаңбақтай ауада ұшқан желдегі.
Сенімсіздеу бұлдырайды елімнің,
Болашағы сағымдай боп шөлдегі.
Шекарадан өткен қытай көп легі,
Арамзадай артық туған төлдегі.
Келер ұрпақ жерсіз қалып жүрмесін,
Шүрегейдей тұрағы жоқ көлдегі.
Шындық па екен елу елге енгені?
Құнсызданған сабан қылып теңгені.
Үкіметке керегі де сол ма екен,
Көпшіліктің жалған сөзге сенгені.
Көрінгенді қызықтырған жер кеңі,
Қолдан келсе қиғысы кеп желкені.
Санымызды көбейтпесек қазақтың,
Сыртқы жаудың оқ атпай-ақ жеңгені.
Дұрыс дейміз басшыға елдің ергені,
Ал басшының өз пайдасы тергені.
Бәрі қымбат, қайдан қазақ көбейер,
Тоғыз-ақ мың көп балаға бергені.
Бай-манаптың көбейіпті селтеңі,
Кедейшілік емес еді-ау ел теңі.
Сыртқы қарыз өсіп кеткен көбейіп,
Бұлыңғыр-ау жас ұрпақтың ертеңі.
Еркін Оралбайұлы 11.05.2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇