Өлеңдер ✍️
ОРАЗА ҰСТА
Ораза бұл Алла өзі парыз еткен,
Пəрменімен Тағаланың арыз жеткен.
Ұлық болған рамазанда құлшылық ет,
Оразасыз əрбір күнің қарыз өткен.
Ауыз бекіт рамазанда əр мұсылман,
Амал жаса, сауап келер əр тұсыңан.
Шүкір дейік, арта қалды сол бір заман,
Су орнына сыра атты зəр ұсынған.
Сүрінгендер Тағаланың сынағынан,
Күнә жамап шөл басарын сыра қылған.
Алаңсыз жандар да көп, хабары жоқ,
Қияметте жауап берер сұрағынан.
Белгілі ғой күнің сөніп ақыр батар,
Тозақ дəмін күнә істеген пақыр татар.
Отыз күнде ораза ұстап, тазарсаңыз,
Пендесіне жанат төрін жақындатар.
Тереңдетіп дінді білсең ақыл артар,
Ораза ұста, тәубе етсең ақың артар.
Сыйынып бір Аллаға иман түзе,
Имансыз сана- сезім тақыр тартар.
Қу шайтан теріс жолды мақұлдатар,
Бір тұтам күніңді ойла ақыр батар.
Ыждаһатпен құран оқып, сауап жина,
Исламда алмаған көп ақың жатыр.
Еркін Оралбайұлы 16.05.2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇