Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  101


Автор: Еркін Оралбайұлы

АҚПАН ТАҢЫ

 


 


Әппақ қарға ораған түзді ақпан,


Түн тынышын уілдеп үзді ақ таң.


Ақ бораны түтеген сол бір таңмен,


Сезінгенмін жаныма сызды батқан.


 


Сезілгендей ақпанның ызғырығы,


Қалса-дағы уақыты, қыз ғұмырлы.


Борандатқан ақпанның күнінен бе?


Алабұртып көңілім жүз құбылды?


 


Қарды қуып ақ боран тықсырып бел,


Үй сыртынан уілдеп ысқырып жел.


Мұз қатырып жүрекке бір қалың ой,


Жатқандай ма көңілді қыс қылып шер.


 


Қалғаны ма күш жігер ояздалып?


Тәнім тоңбай жүректі аяз қарып.


Бұл әсерге отырмын жауап таппай,


Ой-санасы адамдай таяз ғәріп.


 


Болса да ұзын, аласа көктен шынар,


Кәрі діңгек тамыры кепкен сынар.


Қураймын ба сол талдай,


Әлде, менің?


Күн туа ма, көңілде көктем шығар?


 


Еркін Оралбайұлы 20.02.2018


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу