Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  130


Автор: Еркін Оралбайұлы

САҒЫНЫШ

 


 


Сырыңды ұғып көзіңнің қарасынан,


Сені ұнатқам мың сан қыз арасынан.


Елестесе көзіме сенің бейнең,


Жүрек тулап асаудай аласұрған.


 


Көңіл бар ма жасырар, ада сырдан?


Кейде адамды бұл сезім адастырған.


Ішкізсе де сезімнің мұңлы уын,


Жақын қылып көңілге жарастырған.


 


Гүлін теріп сезімнің бақтарынан,


Адамдай бір болғанмын бақ дарыған.


Теңізінде кейде өмір сенделгенмін,


Айырылған қайықтай бағдарынан.


 


Сезім келген көңілден ақтарып ән,


Дәмі кетпес жүректе сақталып дән.


Сағынышпен өткізген күндерім көп,


Бірге жүрген бақытты шақтарымнан.


 


Жүрегімді сені ойлап шоқ қарыған,


Адастырып ақыл- ой соқпағынан.


Бір сен үшін білсем де жасқанбағам,


Кейін тартар тағдырдың тоқпағынан.


 


Алдағы өмір өзіңсіз бұлдыр маған,


Аққуы жоқ айдындай тұлдыр жағаң.


Салып мені махаббат әуресіне,


Бел буғандай сынауға құрғыр жалған.


 


Еркін Оралбайұлы  2.01.2019




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу