Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
23.02.2025
298
ҒАШЫҚ БОЛМА
Ғашық болма жүрегімен сүймегенге,
Ұнатпаса жүрек көнбес сүй дегенге.
Сұратпастан сені өзі іздеп келер,
Тұла бойды нəзік сезім билегенде.
Ғашық болма қадіріңді түсінбесе,
Сен үшін жүрек сыздап күрсінбесе.
Сүйгеніңнен не пайда, сыйың кетер,
Бағаламай шын сезімді түсің десе.
Ғашық болма сезіміңді көзге ілмесе,
Жүрегіңе жылу берер сөз білмесе.
Не пайда күткеніңнен сүйгеніңді?
Саған деген сезімі оның өзгермесе.
Ғашық болма жүрегіңді жаралама,
Сүймегенді сен кінəлап, қаралама.
Ол да адам ет жүректен жаратылған,
Сүймеген соң бір болуға бара ала ма?
Ғашық болма ойламағын, ұмыт мүлде,
Сүймейтінін сені оның ұғып жүрде.
Жауапсыз махаббат ол опа бермес,
Тастау керек ол сезімді, тығып күлге.
Еркін Оралбайұлы 4.02.2018.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇