Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  114


Автор: Еркін Оралбайұлы

ҚАДІР ТҮНІ

 


 


Мың күннен де қасиетті- қадір түні,


Қадірлі ғой рамазанның əрбір күні.


Мұсылмандар жеңісі ғасырларға,


Жеткен екен ұлы шайқас бəдір үні.


 


Қадір түнін өткіземіз дұға жасап,


Берер түн бұл байға тəубе, құлға ынсап.


Құлшылық ет осы түнде, намаз оқы,


Тегін келер сауаптарды тұрма тұсап.


 


Оқы құран салауатпен пайғамбарға,


Сауап алсаң одан асқан пайдаң бар ма?


Періштелер жер бетіне түседі екен,


Осы түні қараңғы көз байлағанда.


 


Мұсылманға мәңгі орынды бейіштен бер,


Деп сен үшін дұға жасар періштелер.


Сиынып бір Аллаға таңды аттырсаң,


Жүрегіңе иман, сауап тегіс келер.


 


Қасиетін қадір түннің көбі білмей,


Күткен жандар түсіне алар көзін ілмей.


Осы түні Алла бəрін кешіреді,


Болса дағы күнəң теңіз көбігіндей.


 


Еркін Оралбайұлы




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу