Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  99


Автор: Еркін Оралбайұлы

ЖАЗ ДА ӨТТІ

 


 


Тамыз айы, күн ұзақ, шағы түн аз,


Аптап ыстық созылған уағы біраз.


Өтіп жатқан өмірдің белгісіндей,


Өте шықты зымырап тағы бір жаз.


 


Жаңбыры аз ысыған шілде өтті,


Ығыр қылып қапырық күн де көпті.


Қаяу түскен жүректей әлсіретіп,


Аңызағы қуратқан мүлде шөпті.


 


Ауысымы бұл жылдың кезекті бір,


Деген сөз жоқ, уақытты тежепті пір.


Көңіл пәс, осы жазда алғандай ма?


Шырмауықтай шиырлап өзекті кір.


 


Өзгешелеу осы жаз, басқа жаздан,


Табиғат заңы осы, тасқа жазған.


Естеліксіз зымырап өте шықты,


Түбі құрғақ құдықтай босқа қазған.


 


Күтіп талай көз ілмей қысқа таңды,


Осы жазда арманым қысқарғанды,


Тыныш тапсын қалайша, жүрек шіркін,


Орындалмас бір арман қысса жанды.


 


Еркін Оралбайұлы 22.08.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу