Өлеңдер ✍️

  23.02.2025
  132


Автор: Еркін Оралбайұлы

СЕНЕ БЕРМЕ ИВАНҒА

 


 


Қазақ елім жүрсің қазір қай маңда?


Мұқалғандай тасқа тиіп, қайлаң да.


Түскендейсің шарасыздың күйіне,


Тулап жатқан ақ балықтай қайраңда.


 


Күдер үзіп, шетке қашқан байдан да,


Уайым басып, апарар деп қай лаңға. Болашағың тұман басқан, бұлыңғыр,


Жүргендейсің келе алмай байламға.


 


Сенім артып елін сатқан сайтанға,


Келеді деп бізге бақыт қай таңда.


Егеменді ел болдық деп қуандың,


Көрінбейді тапқан одан пайдаң да.


 


Санамызға ұзақ жылдар құйған ба?


Кетер емес құлдық сана бойдан да.


Жалтақтаумен күнің өтіп көршіге,


Босамаған әлі орыстан бұйдаң да.


 


Үзілместей торын бізге құрған ба?


Селт етпедік, миллиондап қырғанда.


Досымыз деп жар саламыз әлемге,


Тұрса дағы кешірілмес құн қанда.


 


Жалған уәде, бос сөздерге иланба.


Жаны ашымас, сене берме Иванға.


Әр қазақты бауырым деп, қадірле,


Бар бақытың адалдық пен иманда.


 


Еркін Оралбайұлы 20.10.2018




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу