Шығармалар ✍️
Армандау - ұлы сезім.
Адамзат үшін ұлы жетістіктің барлығы армандаудан басталады. Армандау - санадағы биік мақсаттардың бастауы. Армандаған сайын өзіме бір жаңа тыныс бергендей боламын, сондай бір ұлы күш сияқты. Адамның рухани әлемінің тереңдігін ашатын ең ерекше сезімдердің бірі.Қазақ поэзиясында ойып орын алған Мұқағали Мақатаевтың «Арманда, ойлан, шарша, күл, ойна» деген өлең жолдарын білесіз бе? Құдды бір арман тек санадағы қиял емес, біздің өміріміздің бір бөлігі екенін баяндап тұрғандай.Оқысаңыз, әдебиет әлемінде арман тақырыбы талай ұлы шығармаларға арқау болады. Армандау - шығармашыл адамның бейнесі секілді.Бірақ, көбісі армандауды тек тәтті елес ретінде қабылдайды. Ол- еңбек пен табандылықты талап ететін жол .Ол - болашаққа деген сенім , жақсылыққа деген үлкен үміт.
Армандаңыз.Көріңіз.Ойланыңыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter