Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.12.2024
78
Теміртауым шаттығым
Теміртауым шаттығым,
Қуанышты ететін.
Самал желің баурайды,
Күнді шуақ ететін.
Теміртауым шаттығым,
Өмірімнің мәнісің.
Көңілімді тербейтін,
Шырқап айтар әнісің.
Теміртауым шаттығым,
Туған қалам, жарығым.
Мен өзіңді Теміртау,
Бақытым деп таныдым.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇