Эсселер ✍️
Екібастұз қаласы жайлы
Екібастұз қаласы Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Павлодар облысына қарайтын қала болып табылады.
1898 жылы негізі қаланып, қала дәрежесін 1957 жылы алған. Жер аймағы 45км2 ты құрайды. Ал тұрғындары 2023 жылғы халық санағына байланысты 128 981 адамды құрап отыр. Олардың ішінде қазақтар 59,12 % пайызды құраса, орыстар 29 пайызбен екінші орынды еншілеп отыр. Әрі қарай украиндар мен татарлар, немістер, беларусьтар халық санын толықтырып отыр.
Осы өңірде тас көмір кені ашылғанға дейін, оның күншығыс жағында жатқан тұзды көл ерте заманнан бері «Екібастұз» деп мұрағаттық құжаттардан белгілі. Осыған байланысты кейін бұл жерден табылған тас көмір кені де, оның жанына орнаған қалашық пен қала да «Екібастұз» деп аталады.
Екібастұз қаласы теңдесі жоқ алып кәсіпорындарымен бүкіл әлемге танымал болып отыр қала. Қысқа ғана мерзім ішінде Қазақстанның «қара алтынды» жерінде пайда болған қала біздің замандастарымыз үшін аты аңызға айналған қала болып отыр. Тек қана Екібастұзда тұңғыш рет Қазақстанда көптеген алдыңғы қатарлы технология өмірге келді, жаңа үлгідегі құрал-жабдықтар зерттелді.
Міне, Екібастұз қаласы жайлы қысқаша мәліметтер осындай болып отыр. Екібастұз қаласы - кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы. Қала орасан зор, әлемдегі бай тас көмірімен танылған. Әрине, осындай мәліметтерге ие болған Екібастұз қаласы біздің де зор мақтанышымыз. Қала тұрғындарына амандық пен саулық, өзара сыйластық тілеймін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇