Эсселер ✍️

  13.12.2024
  925


Автор: Арыс қаласы

Арыс қаласы

Арыс қаласы еліміздің оңтүстігінде орналасқан, Түркістан облысының құрамына кіретін қала. Сонымен қатар жергілікті атқарушы орган орталығы — Арыс қаласының әкімдігі болып табылады. Қала әкімдігіне қарасты 13 атқарушы орган өз қызметін жүзеге асырады. Арыс қаласының әкімдігіне Арыс қаласы мен 6 ауылдық округ кіреді. Ауылдық округтер: Ақдала, Байырқұм, Дермене, Қожатоғай, Жиделі, Монтайтас ауылдары.
Арыс қаласы 1900 жылы Орынбор — Ташкент теміржол желісіндегі станция ретінде құрылған.
Қала әкімшілігіне бағынысты аумақтың ауданы 6300 км2 құрайды. Арыс өзенінің сол жағалауында (Сырдарияның саласы) орналасқан.
1956 жылға дейін — кент. Шымкент агломерациясының құрамына кіретін қала болып табылады. Ал 1954 жылы Арыс қаласына қала статусы беріледі.
Сондай-ақ, Орынбор мен Ташкент желісін Алматы бағытымен байланыстыратын ірі тораптық теміржол станциясы болып табылатын Арыс қаласы еліміздегі маңызы зор қалалардың бірі деп ауыз толтырып айта аламыз.
Шынында да Арыс қаласы десе, оның қай облысқа кіретіндігін, қай жерде орналасқандығын есімізге бірден түсіре аламыз. Өйткені, тоғыз жолдың торабында орналасқан деп осы Арыс қаласын айтамыз. Арыс қаласы еліміздегі ең ірі темір жол станциясы арқылы құнды, ең үлкен оқ дәрі сақталған қоймалары арқылы құнды дер едім. Сонымен қатар Арыс өзені бар, Арыс жағасында атты әнімен жаныңызды тербейтін. Міне, Арыс қаласы осындай ерекшеліктерге ие болған қала.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу