Жауап: Тарауық намазы сүннет болып саналады. Оны оқымаған адам үлкен сауаптан құр қалады. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
إِنَّ لِرَبِّكُمْ عزَّ وجلَّ فِي أَيَّامِ دَهْرِكُمْ نَفَحَاتٍ، فَتَعَرَّضُوا لَهَا، لَعَلَّ أَحَدَكُمْ أَنْ تُصِيبَهُ مِنْهَا نَفْحَةٌ لا يَشْقَى بَعْدَهَا أَبَدًا
«Расында, Алла Тағаланың осы дүние күндеріңде көптеген сыйларды беріп қойған (сауап істеуге мүмкіндіктер берген). Оны пайдаланыңдар. Сендердің бірің ол берілген сыйдың біріне сай келсеңдер, одан кейін мүлдем бақытсыздыққа ұшырамауларың мүмкін»[10], – дейді.
Тағы бір хадисте:
مَن قام رمضان إيمانًا واحتسابًا، غُفِر له ما تقدَّم ذنبه
«Кімде-кім Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін тарауық намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[11], – деген.
Сондықтан тарауық намазын ораза ұстауға шамасы келген адам да, шамасы келмегенде оқи береді. Тарауықты тек ораза ұстаған адамдар ғана оқиды деген шарт жоқ. Дегенмен оразаны ешбір себепсіз ұстамау – үлкен күнә.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter