22.02.2024
  149

Автор: Бодо Шефер

Голдстерн мырзада - 7 тарау

Келесі күндер майлап қойғандай әдемі өтті. Мен тағы да мектепке қатысты шаруаларды тастай ғып, Наполеонмен жаттығуды жалғастырдым. Бірінші аптаның соңында мен Ханенкамп мырзадан жеті еуро алдым – күніне бір еуродан. Сонымен қатар, мен Наполеонға үйреткен үш бұйрығым үшін отыз еуро алдым. Ол енді бұйрық бойынша отыруға, жатуға және «қолын» беруді жақсы үйренді.

Мен табысымды мақтанышпен санадым – отыз жеті еуро. Бұл үлкен сома. Бірақ мен енді ұялуды да, ренжуді де қойдым. Өйткені Ханенкамп мырза үшін Наполеонды ертіп жүру әлдеқайда жеңіл болды.

Олар маған өте риза болды, тіпті менен олардың итімен таңертең де серуендеуге келісесің бе деп сұрады. Бұл үшін маған күніне тағы бір еуро төлемекші. Мен ата-анамнан сұрап едім, олар рұқсат берді.

Мани бұл ақшаны қалай пайдалану керектігі туралы кере-мет идеясы бар екенін айтты. Сондықтан ол өз идеясын ашқанға дейін мен мектеп дәптерлерінің арасына ақшаны мұқият жасы-рып қойдым.

Ал кейбір нәрселер табыстан да қызықты болды. Бүгін Голдштерн мырзаның жүргізушісі Мани екеуімізге келуі керек. Мен бай адаммен жақынырақ танысуды асыға күттім.

Қоңырау, өзіміз келіскендей,         үштен дәл онбес минут өткенде естілді. Жүргізуші мейірлене күлімсіреген қарт ханым болып шыққанына таң қалдым.

Біз күтіп тұрған «Роллс-Ройсқа»отырдық. Мен тек ер адамдар ғана жүргізуші бола алады деп ойлайтынымды айттым. Ол күлді:

– Голдстерн мырза ерекше адам және оың істейтін істері де ерекше. Ол өзгенің қалай істейтініне мән бермейді. Өзі дұрыс деп санайтын нәрсені ғана жасайды.

Маған бұл қызықты көрінді. Жүргізуші әйел мұны сезген-дей, сөзін жалғастырды:

– Құрбыма жұмыссыз жүргенімді айтқанымды кездейсоқ естіді де, мені бірінші рет көріп тұрғанымен, көлік жүргізе аласың ба деп сұрады. Мен, әрине, жүргізе алам. Содан кейін ол: «Жарайды. Қаласаңыз, менің жүргізушім ретінде жұмыс істей аласыз. Мен лайықты адам іздеп жүр едім». Бар айтқаны осы. Мені тіпті сынап та көрген жоқ. Ол адамды бір қарағанда бағалай алады. Бұл ретте ол тек өзінің түйсігіне сенеді.

Бұл айтылғандар маған үлкен әсер қалдырды.

– Ал сіз мұндай үлкен көлікті жүргізуден қорықпайсыз ба? – деп сұрадым.

– Көрдіңіз бе, – деп жауап берді жүргізуші әйел, – Голдштерн мырза маған сенімділікті қалай арттыруға болаты-нын үйретті. Онымен жұмыс істейтіндердің барлығы сәттілік журналын жүргізеді.

– Мен де, – дедім мен жасқанбай. – Енді таңырқайтын кезек жүргізушінікі еді. Мен мақтанышпен итімді сипалай бердім. Ол менің бетімді жалап алды. Бұл әдетін қойғызу керек екен деп ұйғардым.

Ақыры біз санаторийге жеттік. Маған ауруханалар ұнамай-ды. Бірақ бұл курорттық қонақ үйге көбірек ұқсады. Ақшаң көп болғанның белгісі осы! Жүргізуші әйел бізді Голдштерн мырзаның палатасына апарды. Ол орындықта отыр екен және көңіл-күйі де көтеріңкі екен. Мани құйрығын бұлғақтатып, бірден оның үстіне секірді және бұрынғы қожайынының бетін жалап алды.

– Маған да сөйтеді. Мен оны бұдан арылту керек деп шештім.

– Сенің келгеніңе қуаныштымын, – деп қарсы алды Голдштерн мырза.

– Мен де өте қуаныштымын, – дедім мен шын жүректен. Алайда, мен, әрине, Манидің сөйлеу қабілеті қалай сақталғанын білуге үміттендім.

Голдштерн мырза лабрадормен біраз уақыт абайлап ойнады.

Ол оқыстау қозғалғанда ауырсынуды сезінетіні байқалды. Бірақ Манимен ойнағаны оған пайдалы болатын сияқты.

Біраздан соң ол маған қайта бұрылды. Ол Маниге қатыс-ты барлық нәрсеге қызығушылық танытты. Мен оны қалай тамақтандыратынымызды және оны қаншалықты жиі серуенде-тетінімді айттым. Біз Наполеонды серуендетіп жүргеніміз және Мани оны үйретуге көмектесетіні туралы да айттым.

Голдштерн мырза риза кейіппен басын изеді:

– Мен сені алғаш көргенде-ақ, жануарларды жақсы көреді– ау деп ойлағам. Сен мұны мақтан тұта аласың.

– Мен мұны ертең сәттілік журналыма жазып қоямын, – деп айтып салдым.

Голдштерн мырза қатты таң қалды.

– Сен сәттілік журналын жүргізесің бе? Саған бұл идея қалай келді? – деп сұрады ол.

Мен қызарып кеттім. Ал, оған не жауап беруім керек? Мен Манидің сөйлеу қабілеті бар екенін және ол маған көп нәрсені үйреткенін айта алмаймын. Голдштерн мырза менің абыржып қалғанымды сезді және бет-әлпентінен сұрамақ ниеті бары бірден жоғалып кетті.

– Біз бұл туралы айтуға міндетті емеспіз», – деп сендірді ол. – Жо-жоқ, бұл туралы сөйлескім келеді, – дедім асыға

сөйлеп. Әрі адалын айтуым керек деп ойладым. – Тек мен сізге бұл идеяны маған кім бергенін айта алмаймын.

Мені таң қалдырғаны, Голдстерн мырза ештеңе сұрамады: – Менің де өз құпиям бар. Сондықтан мен олардың басқа-

ларда да болуы мүмкін екенін жақсы түсінемін.

Маған бұл жауап өте ұнады. Демек, бұл жасамыс бай адам мені дұрыс қабылдады.

Голдстерн мырза маған ойлана қарады:

– Мен өзімнен бұл бала өзі секілді балалардан несімен ерекшеленеді деп сұрай берем. Мүмкін сен өзің білетін шығарсың?

Мен бір сәт ойланып қалдым. Біздің үйде Мани пайда болғанға дейін мен бұл тақырып төңірегінде көп ештеме айта алмас едім. Мен де өзге балалар сияқты көптің бірімін. Бірақ қазір көп нәрсе өзгерді. Сондықтан мен былай деп жауап бердім:

– Мен басқа балалар ойлайтын нәрселерді ойламаймын. Мен көп ақша тапқым келеді, өйткені мен Калифорнияға барып, өзіме компьютер сатып алуды армандаймын – мен Голдштерн мырзаға он тілек тізімі, арман құтылары мен арман альбомы, Наполеонның арқасында қанша ақша тапқаным туралы айттым. Мен отбасымыздағы ақша проблемалары туралы да, Марсель туралы да айттым.

Голдстерн мырза өте мұқият тыңдады. Ол тыңдай алатын кісі. Мен сөзімді аяқтаған кезде, ол мені құттықтады:

– Кира, сенің айтқаныңның бәрі мені қатты қуантты. Сен өз мақсаттарыңа жететініңе сенімдімін. Тек ешкімге өзіңнің алған бетіңнен тайдыруға жол берме.

– Менің анам мені мазақтады, – деп мен оның сөзін бөлдім, анам менің арман құтыларымды қалай тауып алғанын және одан өрбіген оқиға туралы, бәрін айттым.

– Талайлар-ақ саған күлер. Бірақ сені құрметтейтін адамдар көбірек боларына сенем, – деді Голдштерн мырза. – Сонымен қатар, мен анаңның сені ренжіткісі келмегеніне сенем. Оған мұның бәрі жай ғана ақылсыз және мүмкін емес әрекет болып көрінген шығар. Бірақ көбінесе қарапайым, кішкентай мақсат-тарға қарағанда осындай ақылсыз болып көрінетін мақсаттарға жету оңайырақ болады. Егер сен өзіңе үлкен мақсаттар қойсаң, көп күш жұмсау керек екені анық.

Біз     әңгімелесіп      отырғанда,     Мани     саябаққа    барып, бұта-бұталарды аралап жүрді.

– Біз әлі бір маңызды мәселе туралы айтқан жоқпыз, – деп сөзін жалғастырды Голдштерн мырза. – Сен біраздан бері Маниге қамқорлық жасадың. Мен оған жұмсаған шығынның бәрін қайтаруға дайынмын.

– Оның тамағы үшін мен емес, ата-анам төледі. Оның үстіне, мен Маниді жақсы көремін, – дедім мен.

– Менің мынандай ұсынысым бар, – деп жалғастырды Голдстерн мырза. – Мен сенің ата-анаңа чек жазып берейін. Сонымен қатар, сен бір күні оларды маған ертіп келуің керек. Мүмкін олардың қаржылық жағдайы туралы сөйлесе алармын.

Мен бойым жеңілдеп сала бергендей сезіндім. Өйткені, мен өзім де ата-анама кеңес бергізуді ойлап едім, бірақ оны қалай айтарымды білмей, ыңғайсызданып отырғам. Голдштерн мырза сөйлей берді:

– Әрине, сен де бірдеңе алуың керек... Мен қазір санап жатырмын. Сен Маниге өте ұзақ, бір жылға жуық уақыт қамқор болдың. Мен саған әр күнің бес еуро төлесем, қалай қарайсың?

Мен өзімді ыңғайсыз сезіндім.

– Мен мұны Маниді жақсы көргендіктен жасадым, бірақ ақша табу үшін емес, – деп қарсылық білдірдім.

Голдштерн мырза күлді. Бірақ оның күлкісінде мені ренжі-тетіндей ештеңе болған жоқ. Содан кейін ол:

– Білесің бе, Кира, кісілердің көбісі осылай ойлайды, мен де бір кездері солай ойлайтынмын. Бірақ сен өзіңе ұнай-тын нәрсені жасау арқылы ақша таба алмайтыныңның себебін айтшы?

Осыған ұқсас сөздерді мен бірнеше рет естігем. Оны Марсель де, Ханенкамп мырза да айтты. Дегенмен, мен өзімді кінәлі сезінуден арыла алмадым.

– Мен саған бірдеңе айтқым келеді, – деді Голдстерн мырза тағы да. – Сен біздің Маниді жақсы көретіндіктен, мен саған күніне бес еуро төлегім келеді. Мен оның сен үшін жақсы бола-рын білемін және оған да жаман болмайды. Жақсы сезім сенің «жұмысыңды» соншама құнды да етеді.

Мен әзір оның сөзіне толық сенімді емес едім, әйтсе де, ол қанша боларын іштей есептеп – бір жыл бойы күніне бес еуро – бұл «азғырынды» ұсынысқа қарсы тұра алмадым.

Менің ойша санаған кезде басымды шайқап, көзімді жұма-тын ақымақ әдетім бар. Голдстерн мырза күлді, мен өзімді әшке-ре болғандай сезіндім. Бірақ ол байыпты қалпы:

– Иә, бұл көп ақша. Бірақ менде бір шарт бар: бұл ақшаның жартысын жұмсамай, кейінге деп сақтап отыруың керек.

– Ақшаның бәрін сақтаймын, – дедім мен. – Мен Сан-Францискоға баруды қалаймын. Осы келесі жазда.

– Жоқ, мен мұны айтпаймын», – деді ол. – Жолыңа жарата-тын ақшаны сен жұмсайсың ғой. Бұл жақсы, сен оларды жинай-сың. Сонымен қатар, сен баю үшін ақша жинауың керек. Сен енді ақшаның жұмсай салмайтын бір бөлігін үнемдеуің керек.

– Егер оны жұмсамасам, оның керегі қанша?

– Сен солардың есебінен өмір сүре аласың, – деп түсіндірді Голдштерн мырза. – Мен саған бұл туралы ертегі айтқым келеді. Мен жайланып отырдым. Ертегі тыңдағанды кім ұнатпай-

ды? Осы кезде Мани қайтып келіп, біздің қасымызға жайғасты. Өзі өте риза сияқты. Шамасы, ол біздің әңгімеміздің тақыры-бын жақсы көретін болу керек.

– Баяғы заманда бір шаруа болыпты. Ол күн сайын таңер-тең тауық қораға барып, таңғы асы үшін жұмыртқа алады екен. Бір күні ол ұядан кәдімгі жұмыртқа емес, алтын жұмыртқа көреді. Басында ол сене алмайды. Мүмкін біреу зұлымдық мақсатпен мазақтамақ болған шығар. Бірақ ол жұмыртқаны зергерге апарып көрсетсе, ол оның таза алтын екенін растайды. Шаруа жұмыртқаны тиімді сатып, үлкен той жасайды.

Келесі күні таңертең ол тауық қорасына әдеттегіден ерте-рек барады. Ұяда тағы да алтын жұмыртқа жатыр екен. Бұндай жәйт бірнеше күнге созылады. Енді ашкөз шаруа тез байып кеткісі келеді. Ол тауығына қатты ашуланады, өйткені «ақымақ құс» оған алтын жұмыртқаны қалай туып жүретінін түсіндіре алмайды. Сол кезде ол алтын жұмыртқаны өзі де туа алатын сияқты көрінеді. Сонда оның күн сайын екі жұмыртқасы болар еді. Шаруаның қатты ашуланғаны сонша, ол қораға барып, тауығын сойып тастайды. Енді алтын жұмыртқа туатын басқа тауық жоқ. Бұл ертегінің айтпағы мынау: алтын жұмыртқа туатын тауықты союға болмайды.

Голдстерн мырза әңгімесін үзіп, креслоға шалқалай отырды. Маған оның ертегісі қатты ұнады.

– Қандай ақымақ шаруа! – енді оған алтын жұмыртқа жоқ. Голдстерн мырзаға менің сөзім ұнағаны анық. Мани де

құйрығын бұлғаңдатты.

– Демек, сен олай істемейсің ғой? – деп сұрады Голдштерн мырза.

– Әрине, жоқ. Мен ақымақ емеспін.

– Онда мен саған бұл оқиғаның нені білдіретінін түсін-дірейін. Тауық – сенің ақшаң. Егер сен оларды дұрыс орналас-тырсаң, сен оның пайыздық өсімін аласың. Пайыздар – алтын жұмыртқа.

Мен бәрін дұрыс түсінгеніме күмәндандым. Ал Голдстерн мырза сөзін жалғастыра берді:

– Көптеген адамдар тумысынан мұндай «тауыққа» мүлдем ие емес. Яғни пайызыбен өмір сүрерлік көп ақшасы жоқ...

– Демек, пайызбен өмір сүру үшін өте көп ақша қажет қой, – дедім мен.

– Бұл үшін сен ойлағаннан әлдеқайда аз нәрсе қажет, – деді Голдштерн мырза. – Егер сенде небәрі жиырма бес мың еуро болса және олардан жылдық он екі пайыз алатын болсаң, бұл жылына үш мың еуроны құрайтын еді.

– Уау! – иә, бұл айына екі жүз елу еуро ғой! Менің жиырма бес мың еурома мүлдем қол тигізудің қажеті жоқ.

– Дәл солай. Жиырма бес мың – сенің «тауығың», сен оны сояр ма едің?

Маған бәрі ұнады. Бір ғана нәрсе кедергі:

– Егер мен қазір «тауық» алу үшін ақша жинай бастасам, Калифорнияға ұзақ уақыт бара алмаймын ғой.

– Мұндай шешімді өзің қабылдауың керек, – деді Голдштерн мырза. – Сен кез-келген уақытта шыдамыңды тауысып, ақшаң-ды жұмсай аласың. Бір жарым мың еуро пайда болғаннан кейін Калифорнияға ұшуға болады. Бірақ бұл сенің «тауықты» әлі балапан кезінде сойып тастағаныңды білдіреді. Сен басқаша да шеше аласың: ақшаның бір бөлігін үнемдейсің. Содан кейін біраз уақыттан кейін Америкаға жыл сайын оның пайызымен ғана ұшатындай сома жиналады.

Бұл мені иландырды. Бірақ мен әлі де келесі жазда Калифорнияға барғым келеді. Менде осындай «тауық» болға-нын қалаймын. Мен күрсіндім:

– «Тауық» пен менің өзге тілектерімнің біреуін таңдау өте қиын!

– Бірақ сен «тауықтан» да, тілектен де бас тартпауың керек. Екеуіне де қол жеткізуге болады, – деп күлді Голдштерн мырза. – Сен он еуро табасың делік. Бұл ақшаны бөлуге болады. Сен ең көп бөлігін банкке саласың. Тағы бір бөлігі сенің арман құтыңа түседі. Қалғанын жұмсауға болады.

Иә, бұл дұрыс жол. Мен бірден осы он еуроны қалай жақсы бөлуге болатынын білуге тырыстым. Тапсырма оңай болған жоқ.

– Ал бұл ақшаны қалай жақсы бөлуге болады? – деп сұра-дым Голдштерн мырзадан.

– Бұл сенің мақсаттарыңа байланысты, – деп бірден жауап берді ол. – Егер сен «тауықты» тек он пайызбен тамақтандырсаң, бұл сені кедейліктен құтқарады. Бірақ егер сенде шынымен көп ақша болғанын қаласаң, көбірек үнемдеу керек. Мысалы, мен «тауық» үшін барлық табысымның елу пайызын үнемдеймін.

Мен Голдштерн мырзадан үлгі алуды ұйғардым. Маған оның қалай өмір сүргені ұнады. Ол әрдайым жақсы көңіл-күйге ие, тіпті кейде қатты ауырса да. Сонымен, мен барлық ақшамның жартысын «тауықты» тамақтандыруға, қырық пайызын арман құтысына салуға, он пайызын жұмсауға шешім қабылдадым.

Голдштерн мырза маған риза кейіппен қарады. Иә, маған бұл шешім ұнады. Бірақ бір сұрақ маған тыныштық бермеді:

– Егер бай болу үшін небәрі он пайыз жеткілікті болса, неге сонша адамның проблемалары ақшаға тіреліп қалған?

– Себебі олар ешқашан үнемдеу керек деп ойлаған емес, – деп жауап берді ол. – Адам оны әлі жас кезінде бастау керек. Сонда бұл белгілі бір дәрежеде үйреншікті ісіңе айналады. Және сен бәрін бірден дұрыс жасай бастағаның жөн. Келесі аптада банкке кіріп, шот аш. Ендігі жолы мен саған әрі қарай не істеу керегін айтамын. Мен саған ақша алуға болатын чек беремін. Ал, енді үйге қайтатын кез келді. Кешкі ас уақыты келді, мен аздап шаршадым.

Ол шын мәнінде шаршаған көрінеді. Мүмкін, ол қайта-дан ауырған шығар. Мен оның бұған қарамастан жақсы көңіл-күйде екеніне таң қалдым және маған бәрін шыдамдылықпен түсіндірді. Мен одан бұның мәнісін сұрадым.

– Мен өзімнің ауыруым туралы неғұрлым көп ойласам, соғұрлым ол күшейе түседі, – деп жауап берді ол. – Қиындықта-рың туралы айту жараға тұз сепкенмен бірдей. Мен шағымдан-бауға дағдыланғанмын.

Мен оған кеңес бергені үшін шын жүректен алғыс айттым. Мани еркелеп иесіне жақындады. Біз қоштастық та, сүйкімді жүргізуші әйел бізді үйге апарып салды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

DR MAXWELL
DR MAXWELL 04.04.2025 07:09
Бүйректі сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеу керектігін білмейсіз бе, онда бүгін бізбен хабарласыңыз, біз сізге 500 000 АҚШ доллары көлеміндегі жақсы ақша сомасын, сонымен қатар сіздің өміріңізді және бүйректеріңізді медициналық сақтандыруды қосамыз. Менің атым DOCTOR MAXWELL, MOUNT ALVERNIA HOSPITAL-дағы халықаралық невропатолог кеңесшісі. Біздің клиника бүйрек және басқа хирургия бойынша маманданған, сонымен қатар біз тірі донормен бүйректі сатып алу және трансплантациялаумен айналысамыз. Біз Сингапурда, Түркияда, АҚШ-та, Малайзияда, Үндістанда, Германияда орналасқанбыз. Егер сіз бүйректі сатқыңыз немесе сатып алғыңыз келсе, бізбен хабарласудан тартынбаңыз: Электрондық пошта: contact@mountalverniahospitals.com Whats-app нөмірі: +447463920079 Ең жақсы тілектер, DR MAXWELL .P. Халықаралық медициналық кеңесші.PHDLL.CDC.
DR MAXWELL
DR MAXWELL 15.03.2025 03:33

DR MAXWELL 14.03.2025 05:17

DR MAXWELL 09.03.2025 05:29

DR MAXWELL 05.03.2025 06:30
Бүйректі сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеу керектігін білмейсіз бе, онда бүгін бізбен хабарласыңыз, біз сізге 500 000 АҚШ доллары көлеміндегі жақсы ақша сомасын және сіздің өміріңізді және сіздің бүйректеріңізді медициналық сақтандыруды қоса алғанда ұсынамыз. Менің атым DOCTOR MAXWELL, MOUNT ALVERNIA HOSPITAL-дағы халықаралық невропатолог кеңесшісі. Біздің клиника бүйрек және басқа хирургия бойынша маманданған, сонымен қатар біз тірі донормен бүйректі сатып алу және трансплантациялаумен айналысамыз. Біз Сингапурда, Түркияда, АҚШ-та, Малайзияда, Үндістанда, Германияда орналасқанбыз. Егер сіз бүйректі сатқыңыз немесе сатып алғыңыз келсе, бізбен хабарласудан тартынбаңыз: Электрондық пошта: contact@mountalverniahospitals.com Whats-app нөмірі: +447463920079 Telegram: +447463920079 Ең жақсы тілектер, DR MAXWELL .P. Халықаралық медициналық кеңесші.PHDLL.CDC.
DR MAXWELL
DR MAXWELL 11.02.2025 02:53
Бүйректі сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеу керектігін білмейсіз бе, онда бүгін бізбен хабарласыңыз, біз сізге 500 000 АҚШ доллары көлеміндегі жақсы ақша сомасын, сонымен қатар сіздің өміріңізді және Бүйрегіңіз үшін медициналық сақтандыруды қосамыз. Менің атым DOCTOR MAXWELL, BILLROTH HOSPITAL халықаралық невропатолог кеңесшісі. Біздің клиника Бүйрек және басқа хирургия бойынша маманданған, сонымен қатар біз тірі және сәйкес донормен бүйректі сатып алу және трансплантациялаумен айналысамыз. Біз Үндістанда, Англияда, АҚШ-та, Малайзияда, Австралияда, Германияда орналасқанбыз. Егер сіз бүйректі сатқыңыз немесе сатып алғыңыз келсе, бізбен хабарласудан тартынбаңыз: Электрондық пошта: billrothhospital54@gmail.com Whats-app нөмірі: +447463920079 Telegram: +447463920079 Ең жақсы тілектер, DR MAXWELL .PHILIP. Халықаралық медициналық кеңесші.PHDLL.CDC .Нейрохирург.
DR MAXWELL
DR MAXWELL 29.01.2025 15:24
Бүйректі сатып алғыңыз келе ме, әлде бүйрегіңізді сатқыңыз келе ме? Қаржылық дағдарысқа байланысты бүйрегіңізді ақшаға сату мүмкіндігін іздеп жүрсіз бе және не істеріңізді білмейсіз бе, онда бүгін бізбен хабарласыңыз, біз сізге жақсы ақша сомасын 500 000 АҚШ доллары және өмірді және медициналық сақтандыруды қоса береміз. сіздің бүйрек. Менің атым DOCTOR MAXWELL, BILLROTH HOSPITAL халықаралық невропатолог кеңесшісі. Біздің клиника Бүйрек және басқа хирургия бойынша маманданған, сонымен қатар біз тірі және сәйкес донормен бүйректі сатып алу және трансплантациялаумен айналысамыз. Біз Үндістанда, Англияда, АҚШ-та, Малайзияда, Австралияда, Германияда орналасқанбыз. Егер сіз бүйректі сатқыңыз немесе сатып алғыңыз келсе, бізбен хабарласудан тартынбаңыз: Электрондық пошта: billrothhospital54@gmail.com Whats-app нөмірі: +447463920079 Telegram: +447463920079 Ең жақсы тілектер, DR MAXWELL .PHILIP. Халықаралық медициналық кеңесші.PHDLL.CDC .Нейрохирург.
DR MAXWELL
DR MAXWELL 23.01.2025 23:07

Пікір жазу