Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  458


Автор: Жібек Ысқақова

ЕЙ, ТӘКӘППАР ДҮНИЕ

Ей, тәкаппар дүние,
Көңіл бөл менің күйіме.
Қуанышты жаудыршы,
Еселеп менің үйіме!
Ей, тәкаппар дүние,
Қарама менің түріме.
Жан дүниеме қарашы,
Жайымен ғана үңіле!
Ей, тәкаппар дүние,
Тыныштық жібер еліме.
Арсыздарды аулақ ет,
Салмасын көзін жеріме!
Ей, такаппар дүние,
Қуат бер бізге, шыдам бер..
Бетперделі заманда,
Ете гөр бізді, шыдамды ел!
Ей, тәкаппар дүние,
Өмірдің берші шаттығын.
Адамдықты жоғары ет,
Біздерге сыйлап сәтті күн!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу