Өлеңдер ✍️

  21.11.2023
  330


Автор: Ұлттық домбыра күні

Домбыраның барында

Домбыраның барында,
Жайнайды бұл жанымыз.
Әні менен күйімен,
Кіреді бұл сәніміз!

Домбыраның барында,
Шаттықты атар таңымыз.
Күмбірлеген үнінен,
Жайнап шығар бағымыз!

Домбыраның барында,
Сынбайды еш сағымыз.
Домбырамен жырлатып,
Ән саламыз таңы біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу