Өлеңдер ✍️

  05.09.2023
  91


Автор: Шөмішбай Сариев

Ғашық жар

Қыран шыңнан басқа жерге қонбайды,
Адам болсаң тағдыр өзі қолдайды.
«Қыз күнінде бәрі жақсы...» дегенмен,
Тәңір сүйсе, жаман әйел болмайды.
Ер жігітсің, не болмайды жолыңда,
Әйелде тұр бақытың да, сорың да.
Жігіттердің жақсы болу қашанда,
Құдай қосқан әйелдердің қолында.
Ғашық болған небір арман ғасырлар,
Әйелдерде не бір сұлу асыл бар.
Баянды өмір бағаласаң – Бақытың,
Аяласаң – әйел деген ғашық жар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу