Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  42


Автор: Серікбай Оспанов

Ерте тудым, ерте өмірді тойлап мен...

Ерте тудым, ерте өмірді тойлап мен,


От та бастым, отастым да ойнақпен...


Аңғалым-ау, мені ағалап жүргенде,


Сені мұнша сүйемін деп ойлап па ем?!


 


Талай сұлу жүруші еді таң қылмай,


Жапырылдым дауыл тиген шалғындай.


Түймең де Күн болып маған көрінді,


Күйбеңдедім, күй кешпеп ем дәл мұндай.


 


Келбетіңнен керемет бір нұр көрдім,


Дір-дір етті жүрегімде жүрген мұң.


Найзағайы сенің қара көзіңде


Жылы, бірақ, қап-қараңғы түндердің!


 


Сендей шуақ төге алмайды көктем де,


Мөлдірлігің жоқ әлемде!


Жоқ менде!


Шырақ болып алыстарға жетелеп,


Бір-ақ нүкте қойып бердің өткенге!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу