Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  89


Автор: Серікбай Оспанов

Аспанда адам жоқ сендей...

Аспанда адам жоқ сендей,


Көргем жоқ әлі жерден де.


Сен барда тұрар шоқ сөнбей


Алаулап жанып кеудемде!


 


Көрікті сендей жан бар ма,


Бұрын да, бәлкім, өтпеген?


Айналған жан ең арманға,


Кезінде қолым жетпеген.


 


Айналдың бүгін жан жарға,


Мен үшін өзің мың бақыт.


Жарым-ау, мына жалғанда


Санармын сенен кімді артық?!


 


Сүйесің өзің, сүйем мен,


Сүймейді мендей сені ешкім.


Сүрінсем сағаи сүйенгем,


Ешқашан бөтен емеспін!


 


Өзің де өзге демессің,


Аялап өтер гүлім сен.


Сүймейді сендей мені ешкім,


Сүйендің маған сүрінсең.


 


Бересің күнде күш маған,


Жансақ та бірге жанамыз.


Екеумізге де ұқсаған


Жанымыз енді қара қыз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу