Өлеңдер ✍️

  10.07.2023
  104


Автор: Серікбай Оспанов

Көп екен ғой бұл өмірде жалғандық...

«...Көп екен ғой бұл өмірде жалғандық,


Біреулерді аласың да арман қып,


Күйдім дейсің,


Сүйдім дейсің езеуреп,


Бәрі соның қолдан жасап алғандық» –


 


Дейсіңдер-ау,


Дейсіңдер-ау, ағайын,


Мен де соған нанайын ба, нанайын!


Бірақ, бірақ айтыңдаршы, дегіштер,


Жүрегіме қандай дауа табайын?!


 


Дегіштер-ай,


Дейсіңдер-ау үндеме,


Ойды, сірә, қамап ұстар кім, неге?!


Жақыныңды тыңдай қоя ма бұл жүрек,


Ақылыңды тыңдай қоя ма бұл неме?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу