Өлеңдер ✍️

  09.07.2023
  152


Автор: Серікбай Оспанов

Көктем мұңды қуады

Көктем мұңды қуады,


Бір күні артық бір күннен.


Үйге


Ілесіп шуағы


Бірге кірді күлкіммен.


 


Жанжарымның оны ерке


Қағып алды жанары.


Түрсіз қара көлеңке


Үнсіз шығып барады...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу